Исатай ауданының әкімі ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев аудан тұрғындарын Білім күнімен құттықтады.

Аудан басшысының бұл құттықтауы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

"Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Тағы бір жылдың жазғы кезеңі аяқталып, жаңа оқу жылына қадам басқалы отырмыз. Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!" делінген құттықтауда.

Аудан әкімі биылғы оқу жылындағы індетке байланысты білім берудегі мәжбүрлі өзгерістерді де атап өтті. "Әрине, биылғы оқу жылы әлемдегі пандемиялық жағдайларға байланысты өзіндік ерекшеліктерімен басталуда. Жаңа оқу жылы жылдағыдай салтанатты шаралар мен ұстаздардың сүйікті оқушыларын алтын ұя мектеп алдынан күтіп ала алмайтыны өкінішті. Дегенмен, білім беру ұйымдарында санитарлық жағдайлар толық қарастырылған кезекші сыныптар ашылды. Ата-аналардың келісімімен оқушылар негізгі пәндер бойынша білім алатын болады.

Қашықтықтан білім алатын оқушылар үшін ұстаздар қауымы барлық мүмкіндікті пайдаланады деп сенемін" дейді ол. Педагогтардың цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелері толықтай қамтамасыз етілгендігін, аудан бойынша 669 пән мұғалімінің қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 500-і қашықтық онлайн курстарынан (75,0 пайызы) өткендігін, педагогтар мен оқушылардың үйінен интернет желісіне қосылу және желінің жұмыс жасау қуатын арттыру жөнінде «Қазақтелеком»,KCell мобилдік байланыс операторларына хат жолданып, жұмыстар атқарылғандығын да тілге тиек еткен Марат Мурзиев осындай сын сағатта ұстаздарлың кәсіби біліктіліктері арқасында оқушыларымыздың сапалы біліммен қамтылатынына сенім білдірді. "Елдегі эпидиомиологиялық жағдай тұрақталып, қиын күндеріміз артта қалып, оқушылар мен ұстаздар мектеп қабырғасында қайтадан қауышатын күн жақындай түссін деп тілеймін" деп түйіндеді әкім желідегі жылы лебізін.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521