Исатай ауданының әкімі 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Ырыс пен ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі деп есептеймін.

Бір шаңырақтың астындағы Қазақстан халқының достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деген ізгі тілегімді жеткізгім келеді.

Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

 

Нұрым Мусин,

 аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT