Исатай ауданының әкімі ардагерлерге құрмет көрсетті

Исатай ауданында «Ардагерлерді ардақтаймыз» атты ардагерлерді марапаттау шарасы өтті.

Шараны сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев аудан ардагерлерін Қарттар күні мерекесімен құттықтап, бір топ ардагерге тілек хатын ұсынды.

Сондай-ақ, Қожантай Сыдихов, Кабира Каюмова, Маруся Мұханқызы, Аяпберген Мұхамбетов секілді аға буын өкілдерін «Исатай ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Ал, Тұхфатолла Ақмурзин мен Қарлығаш Махимоваға Құрмет грамотасын тапсырды.

 Одан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Уахит Адилов, Ботакөз Құлғалиева, Жарылғас Ғұбашұлына «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Аудандық мәслихаттың құттықтау хатымен де бір топ ардагерлер марапатталды.

Шарада құрметке риза болысқан қарттар ақжарма тілектерін ақтарып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521