Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин аудан тұрғындарын Амал күнімен құттықтады

Құрметті Исатай ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді 14 наурыз Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек. Өткен жылдан жаңа жылға есен-сау жеткендігіне шүкір етіп, қытымыр қыстың кері шегініп, жер-дүниенің гүлденіп, ел бұл күні қол алыса көрісіп, құшақ айқастырып қауышады. 

Еліміздің батыс аймағында ерекше көңіл аударылатын бұл мереке қазақ ұлтының ынтымағы мен бірлік-берекесін ерекше айқындайтыны сөзсіз. Қазіргі таңда Амал мерекесін бүкілқазақстандық деңгейде тойлау тамырын тереңге жайып келе жатқан оң үрдіс деп есептеймін. Тарихы тамыры тереңге бойлаған Амал мерекесі дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.Еліміз үшін Амал мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Амалды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.

 

 

Құрметпен: Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521