Исатай ауданының әкімі осал бөгеттерді бекіту жұмыстарымен танысты

"Исатай ауданында өр суынан қорғану және жаға бекіту жұмыстары белсенді жүріп жатыр" деп хабарлайды "Нарын таңы".

 Аудан әкімі Н.Мусин Жайық өзенінен су сорғымен айдалып толтырылатын Бақсай каналының Х.Ерғалиев ауылы тұсындағы осал бөгеттерін бекіту жұмыстарымен танысып қайтты. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Аталған жұмысқа шамамен 130-дай адам тартылған. Олардың ішінде ауыл белсенділері, ауыл жастары, бюджеттік мекеме қызметкерлері бар.
Кейбір жұмыстар ауыл тұрғындарының қол күшімен атқарылса, “ЖайықМұнайГаз”МГӨБ-нан, «Тодини конструциони дженерали С.П.А.» фирмасының  және  бюджеттік мекеме теңгеріміндегі техникалар жұмылдырыла бастаған.
Аудан әкімі каналдың Х.Ерғалиев пен  Тұщықұдық ауылдары арасындағы бөлегін аралап шығып, кейбір бөгеттердің көтерілетін тұстарын нақтылады.
Айта кетейік, Ресейдегі  Иреклі су қоймасынан жіберіліп жатқан су қарқынының сәт сайын артуы Жайық өзені бойындағы жағаларды бекіту жұмыстарын күшейтуді талап етіп отыр. 

Қазіргі уақытта ағынның жылдамдығы секундына 1589 текше метрге дейін азайды. Қоймада 3242 млн текше метр су жиналған. Бұл туралы су қоймасының ресми сайтында жарияланды.
 Орынбор облысында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 73 см-ге көтеріліп, 745 см-ге дейін жеткен. Кей елді мекендер жарықсыз отыр. 
 Orendai.ru сайтының жазуынша, Орынбор облысында 554 үй мен 2274 учаске суда қалған. Одан бөлек, 94 жол бөлігі мен 42 көпірді су шайып әкетіпті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521