Исатай ауданының әкімі өз таңдауын жасады

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудан орталығындағы №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

-Бүгінгі өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының маңызы өте жоғары деп санаймын. Еліміздің алдағы дамуы мен жаңа реформаларға жол бастау мақсатында Ел Президенті осындай шешім қабылдаған болатын. Мемлекет пен оның азаматтары бір тұтас болса ғана, Тәуелсіздігіміз тұрақты болады!Исатай ауданы бойынша Президент сайлауына барлық учаскелер сайлаушылардың дауыс беруі үшін толық дайындалды. Сайлау учаскелеріндегі байқаушылар мен сайлау комиссиялары заң талаптарына сәйкес қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Менде Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Аққыстау орта мектебінде орналасқан 133 сайлау учаскесіне барып өз дауысымды бердім. Еліміздің ертеңі үшін өз таңдауымды жасадым. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан сайлауға келушілердің көңіл-күйі жақсы. Аудан тұрғындары өз болашақтары үшін дұрыс таңдау жасайды деп есептеймін,-деді ол.

 7af8f1be-8a20-4e44-8b37-237eea218954

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз