Исатай ауданының Құрметті азаматтары анықталды

Фото: автордан

Исатай ауданында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. 

 Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Нұрым Мусин көпшілікті ұлттық мерекемен құттықтады.

- Құрметті шараға қатысушы қонақтар! Баршаңызды әр қазақстандық үшін ең маңызды мереке саналатын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы әлемде ірілі-ұсақты мемлекет болса, олардың көбі осы Республика күнін немесе Тәуелсіздік күнін мемлекеттік дәрежеде тойлайды. Өздеріңізге белгілі, 2022 жылы 16 маусымда Ұлытау облысында өткен құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-қазан ұлттық мереке ретінде тойлауды ұсынған болатын.Содан беріғарай, Республика күні - ұлттық мереке ретінде өзіндік орны қалыптасты.Жалпы ата-бабаларымыз көп жылдан бері аңсаған тәуелсіздік таңы арайлы атып, бейбітшіліктің астында тату ғұмыр кешудеміз.Орта жастағы аға буын өкілдері бұл күннің тарихын жіті түсінеді.Жас ұрпаққа оның ішінде тәуелсіздігіміздің яки мерекенің маңыздылығын, идеологиялық тұрғыда олардың санасына енгізу баршаға ортақ міндет деп есептеймін, - деген ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға аудандық мәслихатының шешімімен "Исатай ауданының құрметті азаматы" деген атағы мен "Құрмет" грамотасын табыстады.

Бұл құрметке еңбек ардагері Амангелді Салахов, Ветеринария саласының ардагері Теміртас Игліков, теміржол саласының ардагері Нұрсапин Айдолла, мұнай саласының ардагері Самат Қабделов, халық емшісі Бауыржан Құрасов сынды ел ағалары лайық деп танылды.

Осылайша, мерекеге орай әр саланың қызметкерлері мен ардагерлері "Ел ағасы" медалі, М.Өтемісұлы атындағы "Дауылпаз" медалі, "Ауыл еңбегі үшін " медалі және де " Ы.Алтынсарин" атындағы төсбелгімен ұлғыланды. 

Одан бөлек бір топ азамат аудан әкімі және мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

"Ақ жол" демократиялық партиясының "Апатпен күрескені үшін" медалін табыстау үшін арнайы келген облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Қайырденов мерекенің маңызын атап, одан соң су тасқыны кезінде ұйымдастыру шараларына белсене араласқан ауыл азаматтарына медаль тағылып, гүл шоқтарын ұсынды.

 

Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Сағыныш Қайыр 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521