Бір отбасының адамындай татулық пен сыйластық қалыптасқан сондай ұжымдар да еңбек етіп, біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерімен көрінетін жандар аз емес. "Жақсының аты, ғалымның хаты -өлмейді" дегендей олардың өмірден озғанының өзінде де еңбек еткен ұжымы әркез ұмытпай, еске алатына куә болып жүрген кездер көп.
Осы орайда, аудандық прокуратурада қызмет еткен жылдарын да, жоғарыда айтылғандай өзің жақсы қырынан таныта білген жандардың бірі Ерболат Укаев есімді азамат болатын.
Ерболат Ханболатұлы осы салада 1996 жылдан еңбек жолын бастап, 2008-2012 жыл аралығында Исатай ауданы прокурорының орынбасары лауазымын да қызмет атқарған.
Өкінішке орай, ол қазір өмірден озып кетті.
Кеше Исатай аудан прокуроры Аслан Тұрғанов Алғыс айту күнінде Ерболат Укаевтің отбасына арнайы барып қайтты.
Ол көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген атаулы күнмен құттықтап,жылы лебізін жеткізіп,гүл шоғы мен кәде сыйын ұсынды!