Исатай ауданының спортшылары марапатталды

Исатай ауданында Спортшылар күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Карантиндік талаптарға сай өткізілген мерекелік жиынды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі П.Хасанов аудан спортшыларын мерекемен құттықтап, алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыстады.

img_7130

- Ауданымызда спорттың бұқаралылығы артып келеді. Әртүрлі байрақты бәсекелерде атой салып, туған жерінің атын шығарып жүрген спортшыларымыз да жетерлік. Ауданымыздан алдағы уақытта елдік, әлемдік додалардан сүрінбей, Олимп шыңын бағындыратын азаматтар шығады деп сенемін. Сол үшін жергілікті спорт мамандары мен жаттықтырушыларымыз жан аямай еңбек етуі тиіс. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, әрдайым жеңісті күндер тілеймін, - деді аудан әкімі.

img_7142

Мерекелік сәтте аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев те жылы лебізін білдірді.

Шарада өңір спортын өркендетуге үлес қосып жүрген спортшылар аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521