Исатай ауданының жаңа бас имамы таныстырылды

Исатай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрберген Утегенов аудан орталығына жаңадан тағайындалған бас имамды қабылдады.

 

Қабылдауға Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Жанұзақов, аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов, аудан әкімі аппаратының басшысы Арманбек Махмутов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Насимуллин және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында «Зинеден Құрасұлы» мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамы Ерлан Марданов таныстырылды. Нұрберген Мұратұлы имамға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан аумағындағы діни ахуалды тұрақты ұстау, жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру, сондай-ақ халық арасында имандылық пен бірлік құндылықтарын кеңінен насихаттау бағытында бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Марданов Ерлан Қуандықұлы 1997 жылдың 23 маусымында Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келген.

2003–2012 жылдары Зинеден ауылындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектепте білім алған. 2012–2015 жылдары Атырау қаласындағы «АИГИ» колледжінде “Есеп және аудит” мамандығы бойынша оқып бітірген. 2019–2022 жылдары Ақтөбе медресе-колледжінде діни білім алған.

Еңбек жолын 2022 жылы Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылындағы “Әл-жамил” мешітінде имам болып бастап, кейін Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы “Әйтеке-би” мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау қаласындағы “Қ.Мұңайтпас” атындағы мешітте наиб имам болды. Отбасылы.

 

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT