Исатай ауданының 2 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта облыстың 8 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 6 айға дейін деп бекітілген. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екі білім беру нысанын аяқтау жоспарлануда. 

- Атап айтқанда Атырау қаласы бойынша – 5 мектеп, Исатай ауданы бойынша – 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 білім беру нысанын аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы мектептердің оқушыларының оқу орындарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде оқу процесі уақтылы басталады деп күтілуде. Сонымен қатар бізде мектептердің кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне байланысты мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 8 мектепте бейнебақылау жүйесі страндартқа сәйкес келмейтіні және 5 мектепте бейнебақылау жүйесі толық мектеп периметрін қамтымайтыны анықталды. Жалпы алдағы уақытта да мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингін жалғастыратын боламыз, - деді Б.Таишев.

Сондай-ақ оның айтуынша, мониторинг қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар Атырау облысының әкімдігіне және білім басқармасына жіберілетін болады.

 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521