Исатай ауданының әкімі ауылдарды аралады

Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев 3 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Зинеден, Исатай, Жанбай, Нарын ауылдарында болды.

0409zab

Бұл жайлы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан әкімі сапарының мақсаты - аталған ауылдардағы білім беру ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысу.

04acim

«Білім беру ұйымдарының жұмыстарымен танысқан аудан әкімі, жылу маусымына дайындықты жоғары деңгейде ұйымдастыруды, ұстаздар мен оқушылардың еш кедергісіз білім алып, жұмыс жасауына барлық жағдайды жасауды тапсырды және Исатай ауылындағы құрылысы жүріп жатқан ауылішілік жол салу жұмыстарының барысын бақылады. Ауылдық округтердің алдағы Праймеризге дайындықтарын пысықтады. Сапар соңында мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді» деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

040920narin

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT