Исатай ауданының әкімі нәзік жандыларға құрмет көрсетті

Исатай ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев ауданымыздың нәзік жандыларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, бір топ аналар мен аруларға мерекелік Алғыс хат және гүл шоқтарын табыстады.

img_5499-min

- Құрметті ауданымыздың барша аяулы аналары, нәзік жанды арулары! Сіздерді күлімдеген көктеммен бірге келетін, жақсылық пен жылылықтың, қуаныш пен шаттықтың мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасының «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады. Жаңа дәуірде Қазақстанның дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып, гүлденуіне елеулі үлес қосқан қайраткер аналарымызды, апа-қарындастарымызды біз ерекше мақтан етеміз. Сіздер – бүгінгідей ыстық ықылас пен ізгі ілтипатқа мереке кезінде ғана емес, әрқашанда ие болуға лайықтысыздар. Алдағы уақытта да қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала бересіздер деп сенемін, - дейді аудан әкімі М.Мурзиев мерекелік құттықтау сөзінде.

img_5537-min

Одан әрі құттықтау сөз кезегі Исатай аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиевке жолданды.

bd98569e-52b3-420e-b687-e525c2b64b17-min

- Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін, - деген Исатай аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев бірқатар нәзік жандыларға өзінің Алғыс хаты мен гүл шоқтарын ұсынды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521