Исатай ауданының әкімі қарттарға көрісе барды

Исатай ауданының жаңа әкімі Полымбет Хасанов аудандағы қарттарды аралап, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ол туралы аудан басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады. "Исатай ауданы қашанда қазыналы қарттарымен бай өлке. Өлкенің шежіресін шертіп, жас ұрпаққа үлгі болып жүрген құрметті қариялары аз емес. Бүгінгі күні үлкендерге өзімді таныстырып, біразына көрісіп, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шықтым. Ақсақалдардан ауданның шежіресін тыңдап, ұсыныстарын естідім" дейді аудан әкімі жазбасында.

"Қартты бар үйдің қазынасы бар" демекші, осынау үлкендеріміз жастарға бағыт-бағдар беріп, ақылшы болып отыра берсін деп тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге құт-берекесін, жақсылығын ала келсін!" дейді желі арқылы ақжарма тілегін білдірген Полымбет Хасанов.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521