Исатай ауданының әкімі тұрғындарымен кездесті

Исатай ауданының әкімі П.Хасанов Аққыстау ауылы «Мұнайшы» ықшам ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғ.Боранбаев және «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің мамандарымен бірге халықпен кездесудің негізгі мақсаты «Мұнайшы» ықшам ауданында «Мүлік иелерінің бірлестігін» (бұрынғы КСК) құру бойынша тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізу болды.

«Мүлік иелерінің бірлестігін» құрудың артықшылықтары көп пәтерлі үйлерді күтіп-ұстауды жақсартуға, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуге, абаттандыруға, жергілікті бюджет қаражаты есебінен үйді техникалық тексеруге, т.б. қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін бұл ықшам ауданда «Мүлік иелерінің бірлестігі» болмады. Осыған байланысты тұрғындардан сұрақтар қойылып, заң аясында түсінік берілді.

Алдағы уақытта бірлестіктің Жарғысы дайындалып, Әділет басқармасына заңды тұлға ретінде тіркеледі. Көп пәтерлі тұрғын үй меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда техникалық төлқұжат және жер учаскесі жасақталып, кондоминиум объектісі ретінде тіркеледі. «Мұнайшы» ықшам ауданында 11 тұрғын үйде 161 пәтер орналасқан. Кездесу қорытындысымен жиналыстың хаттамасы рәсімделді. Тұрғындардың өзара келісуімен ықшам ауданнан төраға сайланды» делінген жазбада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз