Исатай ауданында жол құрылысы жұмыстары басталды.
Исатайлықтар үшін жыр болған жол мәселесінің жолға қойылғанын алдыңғы материалдарымыздың бірінде жариялағанбыз.
Кеше, яғни, 25-мамыр күні аудан әкімі М.Мурзиев ауданымызда құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алған ауылішілік жолдардың жәй-күйімен танысты.
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі орынбасары Б.Сисатов, аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А.Зиноллаевпен бірге алдымен Аққыстау ауылының 8,2 шақырым болатын ауылішілік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарының алғашқы қарқынын байқап, мердігер «Атырауинжстрой-АЙС» ЖШС, техникалық бақылау қызметі «СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ» ЖШС және авторлық бақылау қызметі «РегионСтройПроект» ЖШС мамандарымен жұмыс барысын талқылады.
Аталған жобаның биылға қаражаты толық бөлінген, сондықтан, құрылыс сапалы атқарылып, дер кезінде тапсырылады деп күтілуде. Жол құрылысы жұмыстарының бүге-шүгесіне дейін толық танысқан аудан әкімі М.Мурзиев Жанбай ауылында да болып, ондағы жоспардағы 9,5 шақырым болатын автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмысы бойынша жеңімпаз «Атырау жолдары» ЖШС-і техникалық бақылау қызметі «СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ» ЖШС және авторлық бақылау қызметі «УралводПроект» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілетін көшелерді аралап, міндетті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ