Исатай ауданының кей ауылдарында су беру тарифі төмендейді

Исатай ауданының бірқатар ауылдары мен елді мекендері бойынша таратушы желілер арқылы суды беру және сарқынды суларды бұру тарифі төмендейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілумен «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС-нің Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай, Нарын, Х.Ерғалиев ауылдары мен Қызылүй, Жасқайрат елді мекендері бойынша таратушы желілер арқылы суды беру реттелетін қызметіне тарифі бекітілген деңгейден:

- Исатай ауылы бойынша халыққа 26,5 теңгеге немесе 12,93%-ға төмендетілумен 178,50 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) (бұрынғы қолданыстағы тариф – 205 теңге/м3), Нарын, Х.Ерғалиев ауылдары бойынша 49,5 теңгеге немесе 21,7%-ға төмендетілумен;

- басқа тұтынушыларға Исатай ауылы бойынша 19,91 теңгеге немесе 7,96%-ға төмендетілумен 230,09 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) (бұрынғы қолданыстағы тариф – 250 теңге/м3), Нарын, Х.Ерғалиев ауылдары бойынша 54,56 теңгеге немесе 19,16%-ға төмендетілумен;

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай, Нарын ауылдары бойынша сарқынды суларды бұру реттелетін қызметіне тарифі бекітілген деңгейден:

- Исатай, Нарын ауылдары бойынша халыққа 14 теңгеге немесе 18,7%-ға төмендетілумен 61 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) (бұрынғы қолданыстағы тариф – 75 теңге/м3);

- басқа тұтынушыларға Исатай ауылы бойынша 32,1 теңгеге немесе 21,27%-ға төмендетілумен 118,8 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) (бұрынғы қолданыстағы тариф – 150,9 теңге/м3), Нарын ауылы бойынша 67,6 теңгеге немесе 36,27%-ға төмендетілумен мөлшерінде бекітілді.

Сурет: Рахым Қойлыбаевтікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521