Исатай ауданының әкімі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қадірменді барша жерлестер! Сіздерді бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен қуана құттықтаймын!

Қымбатты балалар! Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер. Сондықтан да, сендер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы жолында белсенділік танытып, Отанымыздың одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңді қосуларыңыз керек деп есептеймін. Сол үшін де сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!

Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанымыздың адал да арлы азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Ел сенімін ақтар келешектің кемел ойлы тұлғалары болатындарыңа сенемін.

Әрқашан жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен мейірім кетпесін!

 

Исатай аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521