Исатай ауданының әкімі Рәміздер күнімен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына биыл 31 жыл толып отыр.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

Сондықтан да, бұл күн - барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!

 

Исатай аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT