Исатай ауданының өнімдері — Елорда жәрмеңкесінде

Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл және Атырау облыстарының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.

Аталған жәрмеңкеде Исатай ауданының да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда. Бұл туралы Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Өтегенов хабарлады.

73a8924a-229c-4058-ae18-2ab18fabcb6e

«Екі күнге созылатын жәрмеңкеге Атырау облысы Исатай ауданынан «Бисенов», «Ағатай» шаруа қожалықтары мен «Шағала» балық өңдеу цехының өнімдері қойылды. Ауданнан жеткізілген қой, сиыр, жылқы еті, балық, шұбат өнімдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсынған баға мөлшеріне сәйкес тұрғындарға сатылуда» дейді бөлім басшысы.

Жәрмеңкеге апарылған ет өнімдері ветеринариялық тексерілуден өткізілген.

fc2b8bbe-9eda-4e80-81ba-27c55e30e60a

Елордадағы жәрмеңкеге исатайлықтардан «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» бөлімінің басшысы, Тұщықұдық, Жанбай ауылдық округтерінің әкімдері және шаруа қожалық иелері барған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521