Исатай ауданының прокуроры тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Аслан Тұрғанұлы Тұрғанов Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Тағайындау жиынға  Атырау облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Ниязбекұлы Тлеубаев қатысты. Сонымен қатар, жиынға мекемелер, кәсіпорындар, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтер әкімдері қатысты. Исатай аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашид Муканов Аслан Тұрғановты жаңа қызыметімен құттықтап, қызметті абыройлы атқаратынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

А.Т. Тұрғанов 1983 жылы туған, Атырау облысында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2007 жылдан қызметте. Әр жылдары Жылыой, Исатай аудандары прокурорларының көмекшілері, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Исатай ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі қызметін атқарған. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - облыс прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аға көмекшісі.

Сыныптық шені — әділет кеңесшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521