Исатай ауданының жас үздіктері анықталды

Кеше Исатай ауданында Х.Ерғалиев ауылындағы "Сәнжұлдыз" мейрамханасында "Исатай ауданының Жастар сыйлығы - 2019" салтанатты марапаттау шарасы өтті.

jasuzdic

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен кеш мерекелік банкет түрінде еркін форматта ұйымдастырылған. Кештің алғашқы сөзін алған аудан әкімі Марат Мурзиев аудан жастарын Жаңа жылмен құттықтап, алдағы жылға мол табыс тіледі.

jasuzdict

- Елбасымыз аяқталуға аз қалған жылымызды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Бұл жылы республика көлемінде жастарымызға көптеген қолдаулар болды. Үлкен шаралар өткізілді. Одан біздің ауданымыз да қалыс қалған жоқ. Жастарымыз Жастар жылында өз белсенділіктерін танытып, түрлі деңгейде жетістіктерге жетті. Осы сіздердің ұйымшылдықтарыңыздың арқасында аудандық жастар ресурстық орталығы республика бойынша үздік болып танылды. Бұл осы жастар ұйымының жоғары деңгейдегі жетекшілігі мен аудан жастарының ынтымақтылығының жемісі деп білеміз, - деді аудан әкімі.

jas-siii

jasuzd32

Сондай-ақ ол осы жылы жастар ресурстық орталығы мекемесінің өз алдына бөлек ғимаратқа шыққандығын, алдағы уақытта да жастарға үнемі қолдау білдіретіндігін атап өтті. Аудан әкімінің мерекелік құттықтауынан соң әр саланың жас үздіктеріне аталымдар бойынша марапаттар тапсырылды.

jasuzdicter

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521