Исатай ауданының жастары «Quest» эстафеталық ойынына қатысты

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда аудан жастары арасында «Quest» эстафеталық ойыны өткізілді.

Жастардың ұйымдастыруымен өткен ойын 10 турдан тұрды. Оның ең басты шарты - топпен бірлесе жұмыс жасап, белсенділік таныта білу. «Қамысқала жастары», «Бастау» және «Құдырет» деп аталған ойынға қатысушы 3 топта ойын сәтінде өз қабілеттерін жоғарғы деңгейде көрсете алып, көрермен жастардың көңілінен шықты. Альбина Жұмабекқызы, Динара Темірболатқызы және Анар Нұрбергенқызынан құралған ойынға төрешелік етуші ауданымыздың жас белсенділері ойын нәтижесінде «Қамысқала жастары» тобын жүлделі бірінші, «Бастау» тобын екінші «Құдырет» тобын жүлделі 3 орынға лайықты деп таныды.

Ойын соңында аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Жансая Мұратқызы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, арнайы дайындалған дипломдар мен сыйлықтарды табыстады және алдағы уақытта жастар арасындағы белсенділікті арттыру мақсатында осындай эстафеталық ойындарды ұйымдастыру жиі қолға алынып отыратынын жеткізді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521