ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Исатай ауданында «Жыл таңдауы – 2019» атты салтанатты марапаттау шарасы өтті.

jil-t4

Шараны аудан әкімі М.Мурзиев сөз сөйлеп ашты. Исатайлықтарды есігін ашқалы тұрған Жаңа жылмен құттықтап, ауданда әр сала бойынша белсенділік танытып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына, білім беру, спорт, мәдениет салаларының алға басуына үлес қосқан үздіктерге ықыласын білдірген аудан басшысы ҚР мәслихаттарына 25 жыл толуына орай С.Әубекеровке ҚР Парламенті Сенатының алғыс хатын табыстады.

jil-t3

Одан әрі марапаттарға кезек берілді. Атап айтар болсақ, «Таза ауыл» аталымына Қамысқала ауылдық округі лайықты деп танылып, округ әкімі Р.Тажиденова аудан әкімінің ризашылық хатына ие болды. Ал, «Таза аула» номинациясы С.Балмановқа ұсынылды.

jilt6

«Қазтранском» акционерлік қоғамы «Белсенді мекеме» атанса, аққыстаулық «Тұлпар» дүкенінің қожайыны Б.Есмурзинге «Белсенді кәсіпкерлік нысан» аталымы тапсырылды. Аққыстаулық Керей Зейнетолла ағамыз «Белсенді ардагер» атанды.

jil-t6

jilt7

Бұдан кейін жыл үздіктері ұлығыланды. Аудандық орталық аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы, аурухана терапевті С.Сандыбаев «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» деп танылса, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының 5 разрядты көтергіш қондырғысының машинисті М.Шариевке «Үздік мұнайшы» марапаты бұйырды. Сондай-ақ, «Бахитов» ЖК басшысы К.Бахитов «Үздік кәсіпкер», «Өркен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі К.Хисметова «Білім беру саласының үздігі» атауына ие болды.

jilt8

jilt9

Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Н.Кабдулов «Үздік қаржыгер» номинациясының жеңімпазы атанды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Жұмалиеваға «Үздік әлеуметтік қызметкер», ал, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы И.Мардашевқа «Үздік мемлекеттік қызметкер» атауы табысталды.

jilt10

jilt11

jilt14

«Үздік құқық қорғау қызметкері» аталымы Қамысқала ауылдық округі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Сейдахметовке, «Мәдениет және спорт саласының үздігі» атағы аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры А.Жұмабековке берілді. Биыл қол күресінен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Алмагүл Қанатова «Үздік спортшы» атты мерейлі атаққа ие болды. «Атырау – Жарық» АҚ аудандық бөлімшесінің электромонтері Ж.Халмурзин «Коммуналдық сала үздігі» аталымының иегері атанса, аудандық жастар ресурстық орталығының баасшысы Р.Есқали «Үздік жас көшбасшы» марапатына қол жеткізді.

jilt15

jil13

Шара соңында «Жыл адамы» анықталды. Бұл ең құрметті атаққа М.Ахмеджанов лайықталып, арнайы белгі мен естелік сыйлық салтанатты жиында өзі бола алмаған мерейлі марапат иегеріне інісі арқылы жолданды.

jilt16

jiltandaui1

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521