Аудан әкімі Марат Мурзиевтің өкіміне сәйкес 24 қазаннан бастап Исатай ауылдық округінің жаңа әкімі тағайындалды.
Бұл лауазымға тағайындалған Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы 1977 жылы Жанбай ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі», 2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Исатай ауылындағы Исатай орта мектебінде тарих-құқық пәнінің мұғалімінен бастаған.
1999-2006 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет атқарған.
2006-2014 жылдары облыстық, аудандық халыққа қызмет көрсету саласында басшылық қызметте болып, 2014 жылдан бері Забурын ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасылы.
Өз тілшіміз