Исатай ауылында 100 орындық балабақша салынады

«Nur Оtan» партиясы Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына Исатай ауданынан кандидат ретінде тіркелген Ә.Семғалиев Х.Ерғалиев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Nur Оtan» партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, талқыланды. Атап айтар болсақ, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021 жылы Исатай ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысын салу, 2023-2024 жылдары Исатай ауылында 100 орындық балабақша құрылысын салу, 2023-2024 жылдары Исатай және Зинеден ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу жоспарланған. «Nur Оtan» партиясы осы аталған жобалардың нақты жүзеге асырылуына, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауына алатын болады.

Жалпы өңірдің дамуы үшін 7 негізгі бағытты басымдық етіп алған партия өкілдері ондағы басты мақсат халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасауды көздейтінін айтты. Бірінші кезекте жаңа жұмыс орындарын ашып, табысты көбейту үшін келесідей міндеттер қойылған. Өңдеу өнеркәсібін дамыту. Ол үшін 2021 жылы Х.Ерғалиев ауылында тоқыма бұйымдарын өндіру цехын ашу, 2022 жылы Аққыстауда баспа, жарнама өнімдерін және 2025 жылы Аққыстауда тәулігініне 150 тас шығаратын шағын цех ашу. Бұдан бөлек жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 3 инфрақұрылымдық жобаларға 780 адамды жұмысқа орналастыру болса, «Еңбек» бағдарламасымен 2021 жылы 392 адамды жұмыспен қамту, жұмыстан қысқарған азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жұмыс берушілерден түскен ваканттық жұмыс орындарына және Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру шарасы асында 1327 адамды жұмыспен қамту, мекемелер мен кәсіпорындар арасында қызметкерлердің еңбек құқыықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша меморандумға қол қою. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін аудан бойынша 5,8 мың жұмыс орындары, оның ішінде 3,5 мың тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайыздан 4,6 пайызға төмендетіп, орташа жалақы деңгейін 249 мың теңгеден 270 мың теңгеге жеткізу жоспарда, - деді Ә.Семғалиев өз сөзінде.

Кездесу барысында кандидат «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын ескерсек, үміткер айтқан әлеуметтік тұрғыдан алғанда маңызды шаралардың орындалуы аса маңызды болмақ.

Ә.Семғалиев онлайн байланысқа шыққан аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді.

«Nur Оtan» партиясының Атырау облысы, Исатай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT