Исатай ауылында спорт кешені ашылды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында үнемі жергілікті жерде салауатты өмір салтын насихаттауды басым бағыттың бірі ретінде атаған еді. Міне, бүгінгі күні, жаңа жылдың алғашқы айында Исатай ауылында көптен күткен қуаныш болып, спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Осындай игілікті іске қуанған ауыл тұрғындары спорт кешенінің ашылу салтанатына түгелдей жиналды. Сондай-ақ, салтанатты түрде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Ғатихұлы және ауданның Құрметті азаматы Айдолла Нұрсапаұлы арнайы лентасын қиып, ауыл аналары шашу шашты. Жақсыны көрмекке келген іс-шара қонақтары мен ауыл тұрғындары кешеннің ішкі көрнісімен танысты. Іс-шараның алғы сөзін алған аудан әкімі Нұрым Мусин ауыл тұрғындарына жылы лебізін жеткізіп, өскелең ұрпақтың спорт саласында елеулі жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бас маманы Сейтжан Бегисинов те құттықтау тілегін білдіре өтті.

– Бұл спорт кешенінде спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жасыл алаң, арнайы киім ауыстыратын бөлмелер, бәрі де заман талабына сай. Ойынға қажетті құрал-жабдықтардан да мұқтаждық жоқ. Бүгін есігін ашқан спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімдіміз,-деді ол өз сөзінде.

Салтанатты шара соңы «Спорт –нашақорлыққа қарсы» атты мектеп оқушылары арасындағы валейболдан ашық турнирмен жалғасты. Оған 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға жүлделі орын мен сый-сияпат табыс етілді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT