Шалғайдағы Исатай ауылдық округіндегі №137 сайлау учаскесінде студенттер де маңызды оқиғадан сырт қалған жоқ.
Мәселен, Мейрамбек Насыров Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқиды. Ол өзінің дауысы ел тағдыры үшін шешім қабылдайтын тұлғаны анықтауға маңызды екенін сезінген. Сол үшін демалыста ауылына келіп, өз сайлау учаскесінен таңдау жасады.