Исатай ауылының əкімі А.Ғұбаш пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Хидуллин бастаған бір топ мекеме басшылары мерейлі жасқа толған ардагерлерді құттықтады.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жарылғас Ғұбашұлы "Исатай ауданының Құрметті азаматы" атағына ие болып, Исатай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабай Хидуллин аудандық мəслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған болатын. Жиында марапат иелері мен басқа да ардагерлерді мерекемен құттықтаған басшылар оларға баянды бақыт, зор денсаулық, мəнді өмір тілесті.
Айнұр АЖИГАЛИЕВА,
Исатай ауылы