Бүгін Исатай аудан орталығындағы Жалын мәдениет үйінде 15 қараша Ұлттық валюта – теңге күні әрі Қаржы саласының қызметкерлері және де Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай спорттық іс-шаралар өтті.
Аталған шараға ауыл азаматтары белсене қатысты.Жас шамасына шектеу қойылмаған бұл жарысқа қатысушылар кір тасы мен қой көтеру бойынша сынға түсті.Ұлттық ойын тамашалаушылардың да қарасы көп болды.
Қарашаның қара суығына қарамастан, кір тасын көтеруден 9 бірдей азамат күш сынаса, 12 азамат қой көтеруден бәсекеге түсті.
Нәтижесінде,кір тасын көтеруден Қалиев Ғалымжан 1-орын, Мұстахов Әділбек 2-орын, Өтепов Тілеген жүлделі 3-орын иеленіп, қаржылай сый-сияпат табысталды. Ал сырт көзге ұсақ малды көтеру оңай көрінгенімен, оны 77 рет көтерген Айбол Мұханбетов жеңімпаз атанды.Жарыс шарты бойынша қой малы жеңімпазға тапсырылды.
Өз тілшіміз