ИСАТАЙДА АУДАН ӘКІМДІГІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Кеше аудан әкімдігі атынан ауданның барлық ардагерлері мен еңбек адамдарына арнап ауызашар берілді.

Алдымен ауданның «Зинеден ата» мешітінің найб имамы Б.Жеңісұлы жиылғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Иман» мешітінің бас имамы Е. Сағынов уағыз айтты.

Ал аудан әкімі Нұрым Мусин айлардың сұлтаны – Рамазан айымен барша жерлестерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

-«Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Осы айда жасаған игі істеріңіз, жақсылықтарыңыз, қайырымдылық шараларыңыз сауаптан жазылсын. Бірлігі бекем, тірлігі көркем ауданымыз өркендей берсін!»-деп ыстық ықыласын жеткізді.

Мұнан соң  еңбек ардагерлері М.Бектенов, Б. Халидуллин және басқалар  сөз алып, елді бірлік пен ынтымақта болуға шақырып, өнегелі ойларын ортаға салып, батасын берді.

                                                                                    Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT