Исатай ауылдық оругіндегі №137 сайлау учаскесінен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері дауыс берді.
Мұнай тасымалына қызмет көрсететін мекеменің 17 қызметкері бірін-бірі ауыстырып, түске дейін және түстен кейін өз таңдауларын жасаған.
Сондай-ақ аталған сайлау учаскесінде маңызды оқиға мен туған күні сәйкес келген Гүлфайрус Дүсіпова да өз таңдауын жасады. Ол Исатай орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі. Бүгін ол 36 жасқа толды.