Исатайда «Есептегі адам» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

https://tengrinews.kz/


Желтоқсанның 21-23 күндері аралығында аудан аумағында «Есептегі адам» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Іс-шараның негізгі мақсаты отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, профилактикалық есебіне алынғандар және қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеріп, олармен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу.

Жедел алдын алу шарасы аясында бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау, есепте тұрған тұлғалар және қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыстарды жандандырып, мекен-жайлары бойынша тексеріс жүргізуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521