Исатайда облыстық кітапханашылар байқауы өтті

0 votes

 " Жалын" мәдениет үйінде аудандық әкімдік және аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен ақиық ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына облыстық кітапханашылардың байқауы болып өтті. Мәдени шараны аудан әкімінің орынбасары Н.Әбежан ашып, әр ауданнан келген байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау "Өзін-өзі таныстыру", "Ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқу", " Фаризаның шығармашылығы мен өмірінен дайындалған бір сұраққа жауап беру және Фаризаның толық шығармалар жинағының бірінші томынан туған жерге арналған өлеңінің жалғасын табудан сайысқа түсті. Оған Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Индер, Мақат, Махамбет, Атырау, Исатай аудандарынан сегіз кітапханашы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. 

Нәтижесінде бас жүлдені облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы Жұлдыз Молдашева жеңіп алды. Ал индерлік Гүлсара Қарекешова бірінші орынға ие болса, қалған екінші-үшінші орындарды исатайлық Гүлбану Нигымашева мен мақаттық Гауһар Ишанғалиева өз ара бөлісті. 

Жүлдеге ие болғандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. 

 

Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521