ИСАТАЙДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВАЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Исатай ауданында 25 қазан - Республика күніне орай волейболдан аудандық турнир өтті. Бұл турнир Жанбай спорт кешенінде өткізіліп, оған ауданымыздан 10 команда қатысып, бұқаралық спортты насихаттауда белсенділік танытты.

 Іс-шараның ашылу салтанатында алғы сөз легін алған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан қатысушыларға сәттілік тілеп, айтулы мерекемен құттықтады.

 -Бүгінде аудан жастарын спортқа баулу, оларға мүмкіндік беру жолында біршама жұмыстар атқарылуда.Сондай-ақ, бұл спорттық сайысқа өздерінің шеберліктерін көрсету үшін әр ауыл жастары мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысуда.Аталмыш шара елімізде ауқымды түрде аталып өтетін Республика күніне орай ұйымдастырылды», — деді ол.

Жеребе таңдау арқылы командалық тартысты ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар көптің көзайымына айналды.Нәтижесінде, Исатай аудандық БЖСМ командасы 3 - орын иеленсе, Жанбай БЖСМ командасы 2 - орын еншіледі.Ал топ жарып, айқын басымдылығымен үздік боп танылған "Барыс" балалар-жасөспірім спорт клуб командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521