КАМАЛОВ Дастан Ерболатұлы, Schlumberger (Шлюмберже) халықаралық мұнай-газ компания-сында Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдері бойынша Іріктеу және мансаптық бөлімінің басшысы:
– Бүгінгі буын білімді, тіл меңгерген, өз саласында ізденіп, ел дамуына үлес қосуға дайын. Мен үшін нағыз азамат – туған жерін ұмытпай, қай ортада жүрсе де, ұлт мүддесін биік қоя білген жас. Қоғамдық бастамаларға қатысу, тәжірибе бөлісу, үш тілде еркін сөйлеп, жастардың дамуына жол ашу – бұл менің жүрек қалауым. Себебі әр жас болашақтың шамшырағы, ал оны жақпай кетуге хақымыз жоқ. Қазіргі кезде Schlumberger (Шлюмберже) халықаралық мұнай-газ компаниясында Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдері бойынша Іріктеу және мансаптық бөлімінің басшысы болып қызмет етемін. Бұл – 130-дан астам елде жұмыс істейтін, әлемге әйгілі компания. Біздің жұмысымыздың негізгі тілі – ағылшын. Барлық жиналыстар, қызметтік хат алмасу, жүйелік операциялар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазақ, орыс, әзербайжан тілдерін де жиі қолданамыз. 2022 жылы APEC PetroTechnic жоғары колледжін «Құрылғыларды автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмамдадым. Студенттік кезең – менің өмірімдегі алғашқы табысты әрі белсенді жылдар болды.
Жалғасы газеттің №31 (4244) санында
Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА