Исатайлық қайырымды жандар аз қамтылған оқушыларға планшеттер таратты

"Исатай қайырымды жандары" еріктілер тобының жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

Індет өршіп тұрған кезеңде науқастарға жан аямай көмек қолын созғанаудан еріктілері енді "Мектепке жол" акциясына белсене араласып, Аққыстау орта мектебі мен Абай орта мектебі әлеуметтік педагогтарымен бірлесе жұмыс жасап, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қазіргі оқушыларының оқу құралына айналған гаджеттермен көмектесуге бет бұрды.

- Жалпы он отбасына қазіргі оқу процесінің онлайн режимдегі барлық қосымшаларды көтере алатын, sim карта салынатын, сапасы жағынан жоғары "SANSUNG ТAB – А"  планшеттері табысталды. Берген құралдарымыз арқылы еш қиындықсыз оқушылар өз деңгейінде білім алуына септігі тисе екен деген тілектеміз, - дейді еріктілердің жетекшісі Роберт Гумаров.

"Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді" дегендей, білімді де саналы ұрпағымыз аман болсын" деген тілекте ағынан жарылған ауыл азаматы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT