Исатайлық ардагерлер мемлекеттік медальдармен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.

Олардың ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында өлшеусіз еңбек еткен, өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Исатай ауданының Құрметті азаматы Жарылғас Ғұбашұлы және білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Ұлболсын Садыққызы да бар. «Ерен еңбегі үшін» медалі Жарылғас Ғұбашұлының мерейін асырса, «Еңбек ардагері» медалін Ұлболсын Садыққызы кеудесіне тақты.

ulbosin20

- Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек сіңірген азаматтарды қалай дәріптеп, мадақтаса да жарасады. Сондай құрметке бүгінде – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында орасан зор еңбек еткен мемлекеттік қызмет саласының ардагері, жерлесіміз Жарылғас Ғұбашұлы және өмірлік серігі, білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Ұлболсын Садыққызы да лайықты деп танылып отыр. Олардың «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталуы Исатай ауданының мемлекеттік қызмет саласына берілген шынайы баға деп білеміз. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – ел дамуының маңызды көрсеткіші. Осы салада қос ардагердің де еңбектері елеулі, - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ботагөз Құлғалиева.

Айта кетейік, Жарылғас Ғұбашұлы бүгінде зейнет жасындағы ардагер болса да артынан ерген кейінгі жас буынмен өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісіп, әлі де ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Ал, 45 жылға жуық ұстаздық етіп, өскелең ұрпақты білімге баулыған ардагер ұстаз Ұлболсын Садыққызы зейнет жасына шықса да, Исатай орта мектебінде ұстаздық қызметін жалғастырып келе жатыр.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT