Исатайлық кәсіпкерлер провизорлық стационарға көмек қолын созды

Исатай ауданының кәсіпкерлері аудандық провизорлық стационарға қажетті құрылғылар мен сақтандырғыш құралдар алып берді.

Кәсіпкерлердің аманатын жеткізген аудан кәсіпкері Азамат Балмурзин стационар маманы Сержан Сәндібаевтың қолына 1050 дана медициналық бетперде, 20 дана бір реттік киімдер және 5 дана тыныс алуға қажетті Боброво аппаратын табыстады.

- Аудан кәсіпкерлерінің уатсап желісіндегі чатында ақылдасып, үш күннің ішінде кәсіпкерлерімізден 350 мың теңге, шаруагерлерден 60 мың теңге ақша жиналды. Сол қаржыға Түркиядан тапсырыс беріп 5 Боброво аппаратын алдырдық. Оған қоса 1000-нан астам медециналық бетперде, 20 дана қорғаныш киімі алынды. Әлі де қажетті заттар болса, көмектесуге әзірміз,- дейді аудан кәсіпкерлерінің сәлемін жеткізген Азамат Балмурзин.

- Басында науқас саны күрт көбейіп, тыныс алу құрылғыларына қол жетпей, қатты қиналдық. Қазір жағдай бір қалыпқа келе бастады. Дегенмен, орташа ауыр деңгейдегі науқастар бар. Бір науқастың жағдайы ауырлау, - дейді анестизиолог-реаниматолог Сержан Сәндібаев.

- Жанашыр азаматтар қолдау білдіріп жатыр. Керек-жарақтарымызды сұрап, барынша көмек қолын созуда. Бүгін демеушілік жасап жатқан аудан кәсіпкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, - дейді маман.

Айта кетейік, бұған дейін аудан кәсіпкерлері провизорлық стационарға бір қой малының етін табыстаған болатын. 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521