Исатайлық кәсіпкерлер өткен жылы 51 жоба бойынша жұмыс бастады

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан кәсіпкерлеріне барлығы 51 жобаға​ 7,3 млрд. теңге несие берілді. Қазіргі таңда аталмыш жобалар бойынша жұмыстар жүруде.​ ​

«Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру» бағдарламасы аясында​ 55,5 млн. теңгеге 8 жоба ,​ ​ ​ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облыстық филиалы арқылы 10,2 млн.теңгеге 1 жоба қаржыландырылды» деп атап өтті спикер.

Еске сала кетелік,​ онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT