Исатайлық педагогтар екпе алды

Исатай ауданында коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстары жалғасуда.

Бүгін, яғни, 10 наурыз күні аудан педагогтарының алғашқы легі індетке қарсы екпе қабылдады. Білгеніміздей, бұл жолы ауданымызға жалпылама 80 доза екпе бөлінген. Оның бірқатарын ұстаздар, қалған бөлігін дәрігерлер алады.

- Балалармен тығыз қарым-қатынаста болатындықтан, ұстаздар да бұл екпені алғашқылардың бірі болып алғаны дұрыс. Өз басым солай шешім қабылдадым. Бірінші өзімнің, қала берді айналамның, оның ішінде мұғалімдер мен оқушылардың, өскелең ұрпақтың есендігі үшін егілмекшімін, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева.

Сондай-ақ ол қиын кезде елдің амандығы үшін тынбай еңбек еткен ақ халаттыларға ризашылығын жеткізді. Екпенің алғашқы кезегін алдырғандардың ішінде аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдер бар.

Айта кетейік, ауданда бұған дейін 30 адам екпенің екі кезеңінен өткен болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT