Исатайлық жастар «Ашық әкімдікте» кездесті

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ашық әкімдік» кеңсесінде аудан жастарымен кездесу өтті.

27cez-min

Кездесуде «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Исатай ауданы бойынша өкілі Ербол Ақтанов аудан жастарын алдымен ашық әкімдіктің жұмысымен таныстырып, «open space» яғни, ашықтық форматының жұмысын, оның жемқорлыққа қарсы тиімділігін түсіндірді. Одан әрі, жемқорлыққа қарсы күресу, жастардың одан бойын аулақ ұстауы, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша тақырыптар қозғалды. Аталған тақырыптар бойынша «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудан бойынша өкілі Ербол Ақтанов және Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысының міндетін атқарушы Азамат Балмурзин сөз етіп, олар бұл тұрғыда жұмыла жұмыс жүргізудің қаншалықты маңызды екенін, әр адам сыбайлас жемқорлыққа күресті өзінен бастау қажет екенін және жемқорлық әрекеттері орын алған жағдайда бірден құзырлы органдарға хабарлау қажет екенін баяндады.

27acim-min

Кездесуге қатысушы жастарға қоғамда орын алып жататын өкілеттілікті қызметтен тыс пайдаланудың, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтамаудың қайғылы салдары қандай болатыны жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер, көрнекі презентациялар көрсетілді. Оларды адалдыққа, әділдікке және өз принциптеріне берік болуға тәрбиелеу кешенді жұмысты талап етеді. Ал, жастар кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптарын алды.

27jastar-min1

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521