Исатайлық жастар – облыстық спартакиада жеңімпазы

Аудандық денешынықтыру және спорт кешенінде аудандық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ауданымыздың 90 жылдығына орай облыстың Жастар саясатына қарасты орталықтарының қызметкерлері мен жастар ұйымдары өкілдерінің арасында облыстық спартакиада өткен болатын.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аудандар арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға арналған жарысқа облыс бойынша Атырау қаласынан, сондай-ақ, Махамбет, Мақат, Құрманғазы, Исатай ауданы жастар ресурстық орталығынан 5 команда қатысып, командалар кіші аяқдоп, волейбол және үстел теннисі ойындарынан сынға түсті. Шараның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметжанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмудов, ардагер ұстаз Е.Насимуллин сөз сөйлеп, шараның өтуіне атсалысып жатқан облыс жас-тарына алғыс білдіріп, командаларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша кіші аяқдоптан І орынды Мақат ауданы командасы иеленді. ІІ орын құрманғазылықтарға, ІІІ орын Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне бұйырды. Ал, волейболдан өткен сайыстың іріктеу кезеңінде тартысты ойын көрсеткен Мақат және Исатай ауданының командалары ақтық сында қайта кездесіп, нәтижесінде алаң иелері жеңіске жетті. Мақат ауданы ІІ орынды еншілесе, Құрманғазы құрамасы ІІІ орынға табан тіреді.

Шараның жабылу салтанатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқарамасының бас маманы Асхат Жігерұлы және аталмыш шараны ұйымдастырушы орталық басшысы Гауһар Талғатқызы барлық қатысушы командаларға алғыс білідіріп, спартакиадаға белсенді қатысқан командаларға орталық атынан алғыс хат, диплом және арнайы кубоктарды тапсырды. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Исатай жастары екінші мәрте спартакиада жеңімпазы атанды. Ендігі облыстық спартакиада қараша айында Мақат ауданында өтетін болады.

Серікбол БЕРІКБАЙ

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521