Исатайлық «Жасыл ел» сарбаздары «Ақкөл» демалыс орны маңын тазалады

Исатай ауданындағы еңбек жасағының сарбаздары 25 тамыз күні Тұщықұдық ауылы, «Ақкөл» демалыс орнында болып, #trashtag акциясы аясында тазалау жұмыстарын жүргізді.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің қолдауымен өткен акцияның мақсаты - табиғатты қоқыстан тазарту арқылы келешек жас ұрпаққа үлгі болу. Акцияға «Жасыл ел» еңбек жасағының 15 сарбазынан бөлек ауданымыздың ерікті жастары да қамтылып, демалыс орнындағы қоқыстарды тазартуда жұмыла күш жұмсады. Атқарылған игілікті істің нәтижесінде «Ақкөл» демалыс орны толық тазартылып, жастар елдің ыстық ықыласына бөленді. Ауыл жастары алдағы уақытта да осы акцияны ауданымыздың басқа да жерлерінде өткізуге ниетті. Осындай шараның өткізілуіне демеушілік білдіріп, көлікпен қамтамасыз еткені үшін Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Рахымұлына өз алғысымыз білдіреміз, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Жансая Мұратқызы.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз