Исатайлық мәдениет өкілдері құрмет төрінде

Суреттер автордікі

 

Исатай ауданында  Мәдениет және өнер қызметкерлері күні биыл жоғары деңгейде салтанатты түрде аталып өтті.

Бұл күні сала қызметкерлеріне жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды. Өйткені, рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына мәдениет саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі орасан зор.

 

 

Аталған мерекелік шарада алдымен Исатай аудан әкімі Нұрым Мусин мерекелік құттықтау сөз сөйледі.

-Бүгінгі өнер және мәдениет қызметкерлері күнімен  шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңіз білетіндей, мәдениет ұлт мәнері болса, өнер –халықтың қазынасы. Осы егіз ұғымды қатар алып, еліміздің мәдениетін және руханиятын көтеріп, оның даму жолында еселі еңбек етіп жүрген осы әріптестеріміздің еңбегі дегім келеді.  Сондай-ақ олар өнерлерін таныту арқылы бөлек ұлт екенін басқадан ерекшелеп, өзінің ізі бар екенін көрсетіп жүреді. Қасиетті Нарын өңірі - біздің елімізде емес, шетелге де танылып жүрген талай өнер саңлықтарын өмірге әкелген қасиетті топырақ. Оны бүгінде біздің ауданда жалғастырар ұрпақтар да өсіп келе жатыр. Осы үрдісті жалғастырып, осылай мерекеден-мерекеге өздеріңізбенен халыққа мәдени-рухани жағынан  қызмет көрсетіп келе жатқан баршаңызды және бүгінгі осы мерекеге орай арнайы шақырылған ардагерлерімізді  мерекелеріңізбен құттықтаймын,- деген ол мәдениетіміздің дамуына қосқан  шығармашылық үлестері үшін бір топ өнер адамдарын марапаттады.

 

 

Олар аудан өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі үшін мәдениет саласы ардагері, бірнеше облыстық байқаулардың жүлдегері Жанпейіс Мұхиденов, мәдениет саласының ардагері Қабес Меңдіғалиев, Тұщықұдық ауылдық әжелер ансамблінің белді мүшесі Талшын Құспанова және де аудан мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін Роза Бисенова "Мінсіз қызметі үшін" медалімен ұлғыланды.

 

 

Одан бөлек, мәдениет саласында ұзақ жылдары еңбек еткен ардагеріміз Гүлбану Кабулова да марапат төрінен көрініп, Фариза Оңғарсынованың "Поэзия падишасы" медалін иеленді.

 

 

Сонымен қатар, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының Алғыс хатын аудандық Жалын мәдениет үйінің басшысы Саябек Шагиров пен Нарын ауылы мәдениет саласының ардагері Гүлшара Халекесқызына табыстады

 

 

Ал кезекті марапат легі облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшысының Алғыс хатымен жалғасты.

 

 

Оған Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Нұрым Бауыржан, аудандық Жалын мәдениет үйі драма жетекшісі Гүлзайнап Карлданова, Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Алтынай Адилбекова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Амандық Сейілханов лайық деп танылды. Сондай-ақ бір топ азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болып, құрмет көрсетілді.

 

 

Әрмен қарай құттықтау сөз аудандық мәслихаттың төрағасы Аманжол Рахметовке жолданып, ол да өз кезегінде марапаттар табыс етті. 

 

 

Келесі құттықтау сөз кезегі "Аманат" партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы Едіге Досқалиевқа жолданды. Мерекелік лебізін білдірген филиал төрағасы сала қызметкерлеріне марапатын табыс етті. 

 

 

Салтанатты шарада аудандық мәдениет үйі бастауыш кәсіподақ  төрайымы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Айымгүл Машаева мәдениет пен өнерді қос қанатындай үстем етіп жүрген бір топ сала мамандарын ұлғылап,   «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын естелік сыйлығымен бірге табыстады.

 

 

Салтанатты шара соңы өнерпаздардың  әуезді әні мен көркем билерімен жалғасын тапты.

 

 

Сонымен қатар, әр ауылдық округтердегі  мәдениет үйі жыл бойына жасалған игі жұмыстары мен жарқын жетістікке толы сәттерін видеоролик арқылы көрермен назарына ұсынылды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT