Исатайлық оқушылар республикалық байқауға жолдама алды

«Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған Жайна Мұстажап пен Асылай Мәжитқызы республикалық кезеңге жолдама алды» деп хабарлайды «Нарын таңы». 

Облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» хаты негізінде «Абай оқулары» байқауы мамырдың 17-сі күні Абай атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылып, одан Жайна Мұстажап пен Асылай Мажитқызы бас бәйгені иеленді.Кейіннен облыстық байқаудан да озық танылған Жайна Мұстажап пен Асылай Мәжитқызы жеңіске жетіп, республикалық байқауға жолдама жеңіп алды. Енді, міне бүгін олар Семей облысы, Абай ауданына жол тартып, республикалық сайыста бақ сынамақ.

Айта кетейік, аудан мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысқан байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациялары бойынша өткізілді. Онда қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айту, қарасөздерін мәнерлеп оқу, ақын туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы және Абай әндері мен күйлерін орындау, өз дарындылығын көрсету бойынша сынға түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521