Исатайлық таеквондошылар турнирде топ жарды

Түркістан қаласында «Тарлан батырлары» спорт клубының жүлдесіне арналған Таеквондодан (WT)  жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы ашық турнир өтті.

Спортшылардың жас және салмақ ерекшеліктеріне сәйкес тартысты турнир екі кезеңге созылды. Мұнда ұлдар мен бірге қыздар да өзара сайысқа түсіп, бақ сынады.

Еліміздің барлық облысынан және Өзбекстан Республикасынан келген спортшылардың арасындағы бәсеке тартысты өтті. Олардың қатарында Исатай БЖСМ шәкірттері қатысып, төмендегідей нәтижиеге қол жеткізді. Кадеттер арасында: Ерасыл Серікқалиұлы, Асемай Елеубай ІІІ орын, Нұрбала Амангелді ІІ орын иеленсе, Аманбек Сағын, Райхан Еркінғали І орынды еншіледі. Жасөспірімдер арасында Нұрсәт Төлеген, Сайда Тұрланқызы, балалар арасында Аягөз Серік, Зере Нұрлан ІІІ орын, Арсен Тілекқабыл І орынды қанжығаға байлады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар табысталды.

                                                                                                                                         Сағыныш ҚАЙЫР                                                                               

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521