Исатайлық жастар ардагерлерге құрмет көрсетті


«15-мамыр отбасы күніне байланысты Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы түрлі саладағы еңбек ардагерлерінің үйіне арнайы барып, құттықтап қайтты» деп хабарлайды «Нарын таңы». 


-    Қазақта «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар. Жасы үлкенге құрмет көрсетіп сыйлау, кішіге ізеттілік көрсету ежелден келе жатқан тәлім-тәрбие өзегі іспеттес. Осы атаулы күнде біздер мұнайшы Айдын Абишев, ардагер ұстаз Бақтыгерей Бисенғалиев, денсаулық сақтау саласының ардагері Қадырбек Абежанов және «Атырау Жарық» АҚ мекемесінің ардагері Бақытжан Алпысбаев сынды қарттарымызға барып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, жылы лебізімізді білдіріп қайттық. Ардагерлердің ерен еңбектері, тәлім-тағылымы, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері өскелең ұрпаққа   өнеге болары сөзсіз,-дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Ателов.

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT