Елде кәсіпкерлердің жас буынын қалыптастыру, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою және оларды кәсіпке баулу мақсатында арнайы бағдарламалар жарыққа шықты. Солардың бірі – жастар кәсібіне жеңілдетілген пайызбен несие беру.
«AMANAT» партиясының Исатай ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сай биыл 10 жас кәсіпкерге конкурс негізінде 2,5% жеңілдетілген несие беру көзделіп отыр
Осы орайда «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Едіге Досқалиев аудан жастарымен кездесу өткізді. Арнайы шақырылған «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының Исатай ауданындағы өкілі жастарға кәсіпкерлік бағытта берілетін жеңілдетілген несиелер жөнінде толыққанды ақпарат берді.
Жиынға қатысқан жастар аталған жеңілдіктердің жас кәсіпкерлерге жасалған қамқорлық пен үлкен мүмкіндік екендігін айтып, ризашылықтарын білдірді.