Исатайлық фермерлер марапатталды

"Қазақстан фермерлері қауымдастығы" Атырау облыстық бірлестігінің ұйымдастырумен "Жыл қорытындысы" шарасы өткізілді.

marap25

Салтанатты шарада ауданымыздың бір топ фермері облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

ferm25

Ондағы ақпарат бойынша ҚР "Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі" ҚБ Басқарма төрағасының атынан "Құрметті Ардагер" медалімен Мархамет Еспағанбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Құрмет грамотасымен" Жұмажан Жакин, Таңатар Жамалиденов, Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының Басқарма төрағасының "Құрмет Грамотасымен" Кенжау Есенов, Таңатар Сабиров, Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының Атырау облыстық бірлестік төрағасының "Құрмет Грамотасымен" Мұхамедрахим Уралбеков марапатталған.

fer25

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521